Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ауғанстандағы содырлар қырғыны: құрбандар ішінде Қазақстан азаматы да бар

Марқұмның аты-жөні айтылмады.

Қазақстандық дипломаттар Ауғанстан қауіпсіздік қызметі мен сыртқы істер министрлігімен тығыз байланыста жұмыс істеп жатыр. Марқұмның сүйегін Отанға жеткізу мәселесі жақын арада шешіледі.

БАҚ-тың ақпаратынша, Intercontinental – шетелдіктер арасында танымал Кабулдағы қонақүй.

Шабуыл кезінде ІТ-конференция өтіп жатқан. Ол жаққа бірнеше елден сарапшылар келген.

2011 жылы қонақүйге содырлар шабуыл жасаған, салдарынан 10 ауғанстандық қаза тапқан.

Қазір зардап шеккендер мен құрбан болғандар саны анықталып жатыр. БАҚ-тың ақпаратынша,

14 шетел азаматы қайтыс болған.

Шабуыл 20-қаңтарда жергілікті уақытпен 21:00-дер шамасында жасалған. Шабуыл жасаушы үш адам қонақүйді басып алып, қонақтарға оқ жаудырып, жарылғыш зат қойған, соңынан үшеуі де өлтірілді.

Алты қабатты қонақүйден 150-ден аса адам эвакуацияланды.

Кабулдағы АҚШ елшілігі 18 қаңтар күні “экстермистік топтар қаладағы қонақүйлерге шабуыл жасауы мүмкін” деген ақпарат таратқан еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз