Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
20
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Әуезов осы сырын маған ғана айтты…

185

Елу алтыншы жылы ақталып, түрмеден босадым. Мойынты — Шумен келіп, Алматы вокзалына түстім де, Есмағамбеттің үйіне телефон шалдым. Ол келіп қойыпты. Амандық-саулықтан соң-ақ, ол:
— Ойбай, бауырым, Мұхтарға телефон шал. Бәрің келіп, Қайымды тастап кеттіңдер деп төбемізге шай қайнатып, бізбен сөйлескенді қойды. Өзі Индияға жүргелі жатыр, — деді.
Үстімде түрменің киімі, қалтамда алты-ақ сом ақша бар. Әрі поезд үш сағаттан кейін Семейге жүреді. Мұхтармен сөйлестім. Телефонның ар жағында булығып тұр.
— Жарайды, Қайым, он бес күн үйіңде демал да, маған кел. Кеңінен әңгімелесеміз, — деді ол.
Мұхтар екеуіміз ағалы-інідей Алматыда қауыштық. Сырымызды, шынымызды айтыстық.

“Абайды халқыңа беріп кетем десең, Мұхтар, басыңның амандығын тіле. Біздің шаруамыз бітіп, талқанымыз таусылған адамбыз. Партиядан кешірім сұра”

— деп ақыл айтқан Ахмет Байтұрсынов екен. Осы сырын маған ғана айтты…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз