Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
17
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Әуе апатынан қаза тапқандардың отбасына 1 миллион теңгеден беріледі

Ал Шымкент халқы қаза тапқан дәрігерлердің бірі Талғат Патсаевты соңғы сапарға шығарып салды. 46 жасында бақилық болған профессордың артында екі перзенті қалды. Білікті дәрігерді ақтық сапарға шығарып салуға жиналғандардың қарасы қалың. Туған туыстары, дос-жарандары мен әріптестері қысқа ғұмырында медицина саласына орасан үлес қосқан Талғат Әнапияұлы жайлы естеліктер айтты. Бар ғұмырын ана мен баланың денсаулығына арнаған білікті маман соңғы жиырма жылда Ұлттық акушерия, гинекология және перинатология орталығында қызмет еткен.

Дулат Үдербаев, ОҚО офтальмологиялық ауруханасының бас дәрігері:

– Білікті маман, ешуақытта өзінің көмегін аямай, ешуақытта ешқандай қиындықтан бас тартпай, өзінің бар ғұмырын медицина саласына, өзінің таңдап алған саласына адал қызмет етті деп ойлаймын.

Еске салайық, 3 қазан күні Алматы маңында АН-28 ұшағы апатқа ұшырап, 5 адам көз жұмған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз