Қазгидромет 14-16 желтоқсанға ауа райы болжамын ұсынды.
Алдағы үш күнде ауа райы жауын-шашынсыз әрі аязды болады.
Алдағы үш тәулікте Қазақстанның ауа райына суық әрі ауқымды антициклон ықпал етеді. Сондықтан жауын-шашын болмайды.
Ауа температурасы 2-5 градусқа нормадан төмен болады. Түнде және күндіз тұман түседі.