Елімізде алдағы күндері 30 градус ыстық болады. Республиканың басым бөлігінде айдың соңына дейін күн жылы болады.
Синоптиктер алдағы екі күннен кейін күн ыси бастайды деп болжап отыр.
Еліміздің шығысы мен оңтүстігінде бүгіннен бастап күн жылына бастайды. Күндіз ауа температурасы 30 градусқа жоғарылайды. Солтүстікте күн ашық болып, термометр бағаны 22 градус жылылықты көрсетеді.