Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Атышулы “Ninety Оne” тобының фильміне отандық миллионердің өзі келді (фото)

369

https://kaz.365info.kz/balalarmen-alysyp-ne-boldy-ninety-one-toby-myshesinin-ata-anasy-muzartkha-hat-zholdady-277183

“Біздің қазақ қоғамы қазір екіге бөлінген. Бір топ алға жылжуды қаламайтын, ескілік көзқараспен отырғысы келетіндер. Екінші топ болашаққа ілгері жылжып, жаңашылдықты қабылдай алатындар. Біздің топтың атының өзі “Ninety One” (91), біз 1991 жылы еркіндік алып, дербес ел болдық. Сол себепті біз еркін, әрі қазақ тілінде сауатты контент жасай алатын топ болуды көздейміз. Тойға мүлдем шықпаймыз”,- дейді продюсер.

Сондай-ақ, аталмыш картинада топқа деген қазақ қоғамының қарсылығы ашық көрсетіліп, шоу-бизнес әлеміндегі әртістер мен ақын Ринат Зайытовтың  айтқан сөздерінен видео-үзінділер ұсынылады. Жаңашылдықты қалап, қазақ сахнасына басқаша леп әкелгісі келген жастарды өнердегі аға-әпкелерінің шеттетуінен бөлек, өмірде оларды жақтырмаған көрермен жігіттер аңдып жүріп, ұрады. Және аталған оқиғаның өмірлерінде бірнеше рет орын алғанын топ мүшелері де жоққа шығармайды.

Жанкүйерлердің арасында кино басталмай-ақ,  сүйікті әншілерін көруге асығып, жылап жүрген жас қыздар қатары көп.

“Фильмдегі оқиғалардың барлығы дерлік өмірден алынған. Ешқандай өтірік оқиға жоқ. Жігіттер мұнда өздерінінің рөлін ойнағандықтан, бастарынан өткен қиындықтарын қайтадан сезінуге тура келді. Біздің басты мақсатымыз топты насихаттау емес, қазақ қоғамына жаңашыл көзқарастан, жаңашыл дүниеден қорықпау қажет екенін жеткізу болды”,- дейді киноның режиссері Асқар Ұзабаев.

Ал кішкентай қызының өтінішімен тұсаукесерге келген Қайрат Құдайберген фильмнен кейін Ninety One тобына деген пікірінің жақсы жағына өзгергендігін айтты.

https://kaz.365info.kz/sake-majgaziev-ninety-one-tobyna-bajlanysty-anekdot-ojlap-tapty-276213

“Асқар Ұзабаев пен Әсел Сәдуақасованың бүгінгі жасаған ісі бұл топтың мүлдем басқа Ninety One екенін көрсетеді. Мен бүгін мұнда қызымның арқасында келген едім. Қазақи адам болған соң, басында менде бұл топқа осындағы “хейтерлер” ретінде қарағанмын. Бірақ, мына толық  метражды фильмді көргеннен кейін, оларды ауылдастарымдай,  қарапайым, қазақтың намысшыл жігіттері ретінде көріп отырмын.  Өнерге деген осыншалық махаббаттары үшін жарайсыңдар дегім келеді” ,- дейді миллионер.

Киноны көру барысында залдағы көрерменнің арасында көз жастарына ерік бергендері де бар

Топтың “иглздары” Сары-Арқа кинотеатрының іші – сыртында сүйікті әншілеріне барынша қолдау көрсетіп, кинозалға сыймай, кезектерін тағатсыздана күтіп жүрді.  Фильм режиссері болса, аталмыш картинаны түсіруге  шамамен 100 мың АҚШ доллары жұмсалғанын айтты.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз