Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Атышулы актриса жұмысшыларына жатақхана салып беріп жатыр

1147

Актрисаның айтуынша, ол бұған дейін де жұмысшыларына бар жағдайды жасап келген.

“Осы уақытқа дейін біздің шеберханада әртүрлі қыз-келіншектер жұмыс істеді. Өзіміздің шағын жатақханамыз бар. “Көңіл сиса бәрі сияды” деп басқа облыстардан келіп жатып жұмыс істейтін қыздар, тағдырдың тауқыметіне душар болған аяғы ауыр қыздар, күйеуімен жараспай ажырасқан келіншектер, баласымен келген әйелдерді алаламай жұмысқа алып, кәсіп үйретіп, аяққа тұрғанша баспана беріп, жұмыс беріп қол ұшын созатынбыз” – дейді актриса өзінің жеке парақшасында.

Айтуынша, жұмысшыларының балалары цехта еңбектеп жүріп ер жеткен. Қазірде көбі аяққа тұрып, үлкен маман болған.

“Пәтер жағалауды, баласы бар жалғызбасты әйелге жұмыс табудың қандай қиын екенін жақсы түсінемін. Өзіме анамнан басқа ешкім кәсіп істегенде кеңес беріп үйретпеген, қол-өнерді үйренудің қанша қымбат дүние екенін бір адамдай жақсы білемін. Сол үшін өмірдің қиын кезеңінде барынша қолдау көрсетуге тырысамын. Адамнан қайтпаса да, бір сауабы тиетін болар деп сенемін. Есесіне жанымда жылдар бойы осы ұжымның ыстық-суығына төзіп келе жатқан мықты мамандарым бар” – деп жазды Гүлшарат Жұбаева.

Актриса жатақхана құрылысын былтыр бастаған.

“Мақсатым – жалғызбасты аналарды баласымен бірге жұмысқа алу. Ана мен балаға жағдай жасап, тегін жылы жатақ орын беріп, балаларды бала-бақшаға орналастырып немесе бірнеше балаға бір тәрбиеші алып аналарын жұмыспен қамтамасыз ету” – дейді актриса.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз