Атырау облысының прокуроры Ернат Сыбанқұлов шулы оқиғаның қалай болғанын айтты. Бұған дейін ұрланған қыздың түсініксіз жағдайда көз жұмғаны айтылған еді. Қалыңдықты 4 ай бұрын Атырау тұрғыны алып қашып кеткен.
Бұл туралы Stan.kz хабарлайды.
https://kaz.365info.kz/bilip-khojgan-atyrauda-oli-tabylgan-khalyndykh-zhajynda-symdykh-derekterdin-beti-ashyldy-290322
«Тексеру нәтижесінде қыздың мойнында тітіркену іздері болғаны анықталды. Өзге ақпарат жоқ», – деп жазды Сыбанқұлов парақшасында.
Өзге болжамдарға сәйкес, бойжеткен былтыр күзде ғаламторда Атырау тұрғынымен танысады. Екеуі Ақтөбеде кездесіп, үйленетін болып шешеді.
Жігіттің айтуынша, қыз келісімін берген. Атырауға келген соң, ұлдың ата-анасы сол үйде бірге тұруына рұқсат береді. Олар оқиға болғанға дейін азаматтық некеде тұрып келген.
https://kaz.365info.kz/atyraudagy-symdykh-zhagdaj-zhas-kelinnin-asylyp-khalgany-ras-pa-289623
Қайғылы оқиға болған күні ата-анасы да, жігіттің өзі де үйде болмаған.
Жігіттің айтуынша, оның телефонынан қыз “Жаным, кешір мені” деп хат жазады. “Неге?” деп сұрағанда, “Жай” деп жауап берген. Сәлден соң, әкесі хабарласып, қыздың көз жұмғанын айтқан.
Осы уақыт аралығында жігіттің өзге қызбен некеде екені белгілі болды.
«2014 жылы өзге қыздың жүкті екенін білген соң, екеуі ресми түрде некеге отырған. Алайда бірге тұрмаған. Олардың бір қызы бар», – дейді прокурор.
Күйеужігіттің айтуынша, марқұм қыз оның бұл жайынан хабардар болған. Алайда ол туралы арада ұрыс болмапты.
Қазіргі уақытта іс прокуратура бақылауында.
https://kaz.365info.kz/khyz-khajtys-boldy-denesin-alyp-ketinder-atyrauda-ne-symdykh-boldy-289117