Атырау полициясы жаппай төбелескендерді іздестіріп жатыр, оқиғаның видеосы Желіде таралды, – деп хабарлайды “Мой ГОРОД”.
Видео @zello_atyrau паблигінде жарияланған. Кадрлардан бірнеше жасөспірімнің бір жігітті жерге құлатып алып, сабағанын көруге болады. Олар ұрып, теуіп жатқанда көшедегілер ажыратуға келген.
Атырау облыстық ІІД өкілдері ұрып-соққандардың аты-жөнін анықталып жатқанын айтты.
“Осы дерек бойынша заңды шаралар қабылданады”, – деп хабарлады полициядағылар.