Атырау облысының Ақкөл ауылында 17 жасар ауыл тұрғыны өзіне қол салып, көз жұмды.
Бұл туралы “Ақ жайық” газеті жазды.
Қыз тұрмыста болып, Махамбет ауданында тұрған. Төркініне келген қыз, үйде ешкімнің қалмағанын күтіп, сарайда асылып қалған.
“Аталған дерек бойынша „Кәмелет жасқа толмағанға қатысты өзін өзі өлтіруге жеткізу„ бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тергеу кезінде өз-өзіне қол салудың Интернеттегі суицид топтармен байланысы жоқтығы нақтыланды”, — деп хабарлады облыстық ішкі істер департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира Мұхтарова.