Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
20
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Атырауда SMS-хабарлама арқылы рәсімделген туу туралы куәліктер табысталды

Омар Нұрбекұлының анасы Жайдар Ибатоллақызы облыстық перинаталды орталықтағы проактивті әдісті алғаш болып пайдаланып көрді. Тұңғыштарының куәлігін алуға сәбидің әкесі Нұрбек те арнайы келіпті.

“Жасым 24-те. Өзім Махамбет ауданының тумасымын. Отбасы құрғанымызға екі жылдай болды. 10 қаңтарда ұлды болдық, туған-туыстарымыздың да қуанышында шек жоқ. Оның үстіне жедел, автоматты түрде оп-оңай рәсімделетін алғашқы куәлік ұлымызға бұйырыпты. Қуаныштымыз”, — дейді жас ана.

Айта кетейік, бұл пилоттық жоба “Азаматтарға арналған үкімет” мемлекеттік корпорациясы “Ұлттық ақпараттық технологиялар” акционерлік қоғамының проактивті әдісі аясында жүзеге асып отыр. Бүгінде бала туғаннан кейін ата-аналар баланы тіркеу, куәлік алу, жәрдемақы тағайындау және балабақшаға кезекке қою үшін халыққа қызмет көрсету орталықтарына баруы тиіс болатын.

Енді проактивті қағидаттың іске қосылуына байланысты фронт-офистерге барудың, тіпті электрондық үкімет порталына жүгінудің де қажеті жоқ. Рәсімделген соң оған смс хабарлама келеді.

Ата-ана халыққа қызмет көрсету орталығына баланың куәлігін алып кету үшін ғана барады немесе үйге жеткізу қызметін пайдалануға да мүмкіндігі бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз