Атырауда пәтер жалдаушы үй иесін өлтірді деп күдік келтіріліп отыр, деп хабарлайды Қазақпарат.
«Атырауда Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабына сәйкес 47 жастағы адамға қатысты қылмыстық іс қозғалды.
Күдіктінің жалдап тұрған үйіне төлейтін ақшасы болмаған соң, пәтер иесі Х. күдіктіге ақша орнына кепіл ретінде құжатын немесе қымбат бұйымдарын тастауды талап етеді. Оған келіспеген азамат үй иесімен жанжалдасқан.
Ұрыстың аяғында, азамат үй иесін бір рет соғып, орамалмен тұншықтырып өлтірген»,- деді облыстық соттың баспасөз қызметінің жетекшісі Боранбай Ғалиев.
Сот күдіктіге «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасына 2 айға санкция берді.