Атырау мұнай өңдеу зауытында өрт тұтанды.
Өрт қанша аумақты шарпығаны туралы мәлімет әзірше жоқ, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Төтенше жағдайлар департаментіндегілердің айтуынша, қазіргі кезде жеке құрамның 50 өрт сөндірушісі мен 10 техникасы тілсіз жаумен арпалысып жатыр. «Атырау МӨЗ» ЖШС баспасөз қызметі кейінірек толыққанды ақпарат беретінін мәлімдеді. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, қондырғылардың бірі отқа оранған.