Атырауда зейнеткер өзін күтіп-бағуға қалалық сот арқылы қызынан алимент өндіріп алды. – деп хабарлайды Атырау облыстық сотының баспасөз қызметі.
Талап қоюшы талап қою арызында жүрегіне ота жасалғанын, дәрі-дәрмектерінің бағасы қымбат екенін, қазіргі уақытта әйелімен бірге тұратынын, екеуі де зейнеткер екенін, алайда зейнетақылары қымбат дәрі-дәрмектерге жетпейтінін көрсеткен.
Сот, еңбекке жарамды кәмелетке толған балалар, көмекке мұқтаж және еңбекке жарамсыз ата-аналарын күтіп-бағуға және оларға қамқорлық жасауға міндетті деп көрсетілген Қазақстан Республикасы «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» кодексінің 145-бабының 1-бөлігін басшылыққа алып, әкесін күтіп-бағу үшін 2016 жылдың 22 сәуірінен бастап айлық есептік көрсеткіш есебінен қызынан алимент өндіру жөнінде шешім шығарды.