Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Атырауда халықты митингке шақырған екі жігіттің соты басталды

Естеріңізге салсақ, ағымдағы жылғы 18-мамырда Атырау облысының әкімшілік істер жөніндегі мамандандырылған соты қоғам белсенділері Макс Боқаев пен Талғат Аяновты халықты рұқсат етілмеген митингке шығуға шақырып, үндегені үшін тұтқынға алған болатын. Ал 24-мамырда Талғат Аянов пен Макс Боқаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары басталғаны белгілі болды. Атап айтарлығы, бұл іс бойынша тағы 6 күдікті тергеліп жатыр.

3-маусымда №2 Атырау қалалық сотының Макс Боқаев пен Талғат Аяновқа қатысты бұлтартпас шарасын таңдап, оларды 2 ай мерзімге тергеу абақтысына қамау туралы шешім шығарды. Оларға қатысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің тергеушілері ҚР ҚК-нің 24-бабы («Қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу»), 179-бабы («Билікті күштеп басып алуды насихаттау немесе оған жария түрде шақыру») және 272-бабы («Жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру») бойынша сотқа дейінгі тергеу ісі басталды. Осы баптар бойынша 15 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру жазалары қарастырылған.

Кейінірек, 5-тамызда облыстық соттың апелляциялық алқасы қоғам белсенділерін 2 айлық мерзімге қамауға алуды тағы бір айға, яғни 31-тамызға дейін созғаны туралы Атырау қаласы №2 сотының шешімін өзгеріссіз қалдырды, ал одан кейін 26-тамызда сот олардың бірқатар өтініштерін қанағаттандырусыз қалдырып, екі белсендінің қамауда отыру мерзімін тағы 2 айға ұзартқан болатын.

14577720458-1

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз