Атырауда бір жігіт түрі өте қорқынышты балық ұстап алды, деп хабарлайды Tengrinews.kz. Енді бұл «біртүрлі» балықтың суреті WhatsApp арқылы жұртқа тарап кетті.
Бұл балық – кәдімгі көксерке болып шықты, бірақ белгісіз себептермен ұсқыны қатты өзгерген екен: төменгі ерні тым ұзын, жоғарғы ерні жоқ. Көзі шарасынан шыға жаздайды.