Нұр-Сұлтан
Қазір
13
Ертең
9
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
6.04
0.00

Атырау облысының әкімі өз көмекшілерінің дәрменсіздігін сынға алды

Алғашқы аялдама «Береке» тұрғын үйі болды. Ол «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы бойынша тұрғызылуда. Нысанда 507 пәтері бар көпқабатты 11 үйдің құрылысы жүріп жатыр. Алайда, бастапқыда бұл сандар көбірек болған. Жобадағы қателікке байланысты үй саны кеміген. Кейін анықталғандай, тұрғын үй кешенінің авторы – «Атырау Строй Проект» ұйымы жақында жауапсыз мердігер деп танылып, лицензиясынан айырылған. Мұны естіген Нұрлан Ноғаев қол астындағы көмекшілерін сынға алды.

«Енді қате жобалаудан «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қаржы өз уақытында игерілмейді. Неге бұлай болды, бұл мәселені кім қадағалады? Жоба жай ғана сурет емес, жоба болуы тиіс. Жұмыстың тоқтап қалуына неге мердігер жауап беруі тиіс, күтпеген шығынды неге олар төлеуі тиіс?» – деді әкім.

Әңгіме барысында, облыстық құрылыс бөлімінің басшысы Тілек Махуовтың нысанға бір рет те келмегені, құрылыс барысымен мүлдем таныспағаны белгілі болды. Махуовтың айтуынша, оған құрылыс алаңына баруға рұқсат жоқ. Бөлім басшысының жауабы өңір басшысының ызасын тудырды.

Ноғаев Нұрсая шағынауданындағы мектептің, монша-сауықтыру кешенінің және 1200 адамға арналған концерт залының құрылыс орнына барды. Олар да құрылысы аяқталмаған нысандар тізіміне енген. Сапар қорытындысы бойынша, Нұрлан Ноғаев өзінің орынбасары Тимур Шәкімовке әр нысанды жеке қадағалау туралы тапсырма берді.

20161012135442

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз