Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Атырау облысында патруль көлігінің астында қалған жігіттер ауыр хәлде жатыр

Полицейлер мінген көлік жол жиегінде кетіп бара жатқан Таңат Оразәлиев пен Нұржан Тәшеновті қағып өткен. Қатты соққыдан Таңат жол ортасына ұшып түссе, Нұржанды көлік 30 метрге дейін сүйреп кеткен.

Соққының қатты болғанын қызметтік көліктің қазіргі түрінен де байқай аласыз. Қазір қаңтарылып тұрған оның алды майысып, терезесі шытынап кеткен. Ал сол оқиғадан зардап шеккендердің бірі Таңат Оразәлиевтің айтуынша, полицейлер бұларды әдейі қаққан.

“Гайдың машинасы қисалаңдап келе жатты асфальттың үстінде. Мен ойладым, мыналарға не болды ішіп алған ба деп. Бір кезде бізге қарай шапты. Мен капоттың үстіне секіріп үлгердім, құрдасымды әрі қарай алып кетті”, – дейді зардап шегуші Таңат Оразәлиев.

Таңат сәл ес жиғанымен, досы Нұржан қазір өмір мен өлім арасында жатыр екен.

“Жағдайы өте ауыр. Бастан өте қатты зақым алған. Миына қан құйылған, миында үлкен ісік бар, өкпесі езілген, аппаратпен жұмыс жасап тұр. Екі аяғы түгелдей сынған – саннан және тізеден, інім қазір комада жатыр”, – дейді Нұржан Тәшеновтың ағасы Ержан Тәшенов.

Оқиғаға қатысы бар учаскелік полицейлер Дәурен Тұрсынәлиев пен Азамат Жоламанұлы жігіттердің туыстарынан кешірім сұрап, көмек те ұсынған. Бірақ одан бас тартқан зардап шегушілердің жақындары тәртіп сақшылары «қарға қарғаның көзін шұқымайды» деген қағидамен жазаланбай қала ма деп қорқады. Бірақ полицейлер тергеу жүріп жатқанын жеткізді.

“Қазіргі кезде бұл оқиғаға қатысы бар аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкерлері өздерінің жұмыстарынан шеттетілді. Сол күні тіркелген материал негізінде қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 345 бабы , көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу негізінде тергеп-тексеру жұмыстары жүріп жатыр”, деді Атырау облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Назымгүл Қайсағалиева.

Бұл істі аудандық прокуратура да өз бақылауына алыпты. Ал тәртіп бұзған полицейлердің әріптестері зардап шегушілердің жағдайына қарай, қылмыстық іс дәрежеcі өзгеруі мүмкін деп отыр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз