Атырау тұрғыны «Дина» базарынан сатып алған самсадан лейкопластырь шыққанын мәлім етті. Әлеуметтік желілерде аталған оқиға қызу талқыланып жатыр, деп АқЖайыққа сілтеме жасап хабарлайды 365info.kz сайты.
Қолданушылар мұндай жағдайдың дайын тағамға қалай түскенін талқылап, санитарлық талаптардың сақталуына күмән келтірді.
Қалалық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы әзірге бұл оқиғаға қатысты ресми арыз түспегенін хабарлады. Егер азаматтар ресми түрде шағымданса, жоспардан тыс тексеріс жүргізіліп, тиісті шаралар қабылданатынын мәлімдеді.