Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
8
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Аты-жөніңді өшіртем…”. Алматыда кредит “жойғыш” алаяқ ұсталды

168

Екеуі бірігіп, несие алғысы кеп жүрген адамдарды табады. Сөйтіп өздерінің банкте таныстары барын айтқан олар құрбандарына 13 миллион теңгеге дейін несие алуға болатынын, оны қайтарудың керек емес екенін, өйткені кейін олардың аты-жөнін банктің несие базасынан өшіріп тастай алатындарын айтып сендірген.

Ал 13 миллион теңге несиені алу үшін алдымен бастапқы аз сомаға несие тіркету керек, одан соң негізгі несие тіркеледі деп түсіндіреді. Банктің несие базасынан аты-жөндерін өшірту үшін арнайы ақы алатындарын да айтқан. Оны алатын несиеден ұстап қалатындарын да ескертеді. Сөйтіп банкке барып құжат тапсыртып, қанша сомаға дейін несие тіркетуге мүмкіндігі бар, сол сомада ақша алуға кеңес береді. Ал несиені алып шыққанда олар өздерінің қызмет ақысы деп ақшаны алып кете берген. Осылайша олар құрбандарын 1 миллион 400 мың теңгеден 3 миллион 300 мың теңгеге дейін тақырға отырғызған. Кейіннен банк несие алған азаматтардан ай сайынғы төлем жасауды сұрап хабарласқанда, олар алданғанын сонда бір-ақ білген. Қазір ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-тармағына сәйкес, сотқа дейінгі тергеу ісі басталды„ – дейді Бостандық аудандық ІІБ бастығы Дәурен Өтебаев.

Полициядағылар ұсталған азаматтың елді сендіргіш қасиеті барын еске салады. Олар Бостандық ауданында осы негізде 4 қылмыс жасаған. Оның өзге аумақтарда да жасаған қылмыстары болуы мүмкін. Сондықтан полициядағылар оның суретін жариялап, одан алданған адамдар болса құқық органына хабарласуды сұрайды. Сенім телефоны: 254-47-04; 254-47-13; 254-47-55 немесе 102.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз