Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

“Аты – Дильбара…”. Тұрлыхановтың баласы тікелей эфирде ағынан жарылды (видео)

300

Мен Жапонияда – Токиода оқыдым. Әкемнің жолын қууды арман етіп, кішкене кезімнен спортпен шұғылдандым. Қазір Алматыда Қазақ ұлттық университетте Мемлекеттік жергілікті басқару факультетінде оқимын.

Нұрасыл бауырым бір апта бұрын дзюдодан Қазақстан чемпионатында бас жүлдені иеленді. Өзімше палуанбыз. Ол ерке бала ғой.
Екінші ұл – Әкежен мектепті Қытайда оқыған, қазір ол әкемнің қасында жүр…

Қазір мен Алматыда Семсер деген жерде Азия чемпоинатына дайындалып жатырмын.

Негізі, осы тікелей эфирді пайдалана отырып, айтқым келетіні – менің сүйікті қызым бар, бірақ бір апта бұрын қатты ұрысып қалып, қазіргі уақытта сөйлеспейміз. Аты-жөні – Дильбара Әубәкірова.

Істеген қылықтарым үшін өкінемін және қазір оны қатты жақсы көретінімді түсіндім. Кешірім сұраймын. Мен сені қатты сағынып жүрмін”, – деп ашығын айтты ол.

Осы кезде тележүргізуші: „Әкең ұрсып жүрмесін, балуанның баласы қыздан кішірейіп кешірім сұрапты деп ұрысса қайтесің„ деп сұрады.

– Әкем ұрсады әрине, бірақ оны жақсы көрсем қайтем, енді.

Дәулет Тұрлыхановтың 20 жастағы баласы Ерасылдың жүрегін жаулаған Дильбара одан бір жас үлкен көрінеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз