“БТА Банк” акционерлік қоғамындағы ақша жымқыруға қатысы бар деп айыпталған Жаксылық Жарымбетов Қазақстанға неліктен қайтып келгенін айтты.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
“Мен процессуалдық норманы мойындаймын, мен ол іске қатысты болғаным үшін кінәлімін, бірақ жағдай басқаша болды. Әрине, мен қорықтым. Ешкім ештеңе анықтамай, бәрін түрмеге жабатындай елестеді. Өзім үшін емес, отбасым қолдаусыз, көмексіз қалады деп шошыдым. Мен қорқақ емеспін”, – деді Жарымбетов арнайы баспасөз мәслихатында.
“Әр істің соңы болады. Мен тергеуге көмектесіп жатырмын, жауабы табылмаған мәселелерді анықтап бергім келеді. Оң нәтижесі болады деген үміттемін. Бұл маған да, мен шетелде қашып жүргенде сотталып кеткен адамдарға да пайдалы. Енді ешқайда қашпаймын, шаршадым. Өзге елде қуғында жүргім келмейді. Үш күнде адам тозаққа да үйренеді дейді ғой. Бәріне де шыдауға болады”, – дейді ол.
Сонымен бірге, Жарымбетов 2012 жылдан бері Мұхтар Әбілязовпен еш хабарласпағанын айтады. Адвокаттың сөзінше, мемлекетке еш шығын келмеді, банкке ғана зиян тиген.
2009 жылдың 2 наурызында Бас прокуратура Мұхтар Әбілязов, банктің басқарма төрағасының бірінші орынбасары Жақсылық Жарымбетов пен сыбайластарына қатысты қылмыстық іс қозғаған болатын. Күдіктілер халқаралық іздеуге жарияланған еді. Ол бертінде Түркияда жалған