Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

“Атқорасының құны 1 млн доллар!”. Алматыда криминал-миллионер ұсталды (видео)

213

40 жастағы Жапбасов бірталай жылдан бері ұйымдасқан қылмыстық топты басқарып, кеденде заңсыз саудасын қыздырған деген күдікке ілінген. Тергеу мәліметінше,

ұйымдасқан топ қазақ-қырғыз шекарасында ұзақ жылдардан бері контарабандамен айналысқан. Қырғызстаннан құс етін тасыса, ал онда Жапбасов тонналап мұнай өнімін өткізіп жүріпті.

 

https://kaz.365info.kz/ykhk-almatyda-khylmystykh-top-koshbasshylary-men-aiib-byryngy-basshysy-ystaldy-264375

Ол аздай, арнайы қызмет анықтағандай,

қалталы бизнесмен Қарасу мен Қордай бақылау пунктерін өз қарамағына алып, әрбір кіріп-шыққан жүк көлігінен ақша алып отырған. Еш кедергісіз өткісі келгендер “Жапбасовтарға” кемі 80 мың теңге беруге тиіс. Ал табыстың 50 пайызы кәсіпкердің қалтасына түсіп отырған.

Сондай-ақ, телеарнаның мәліметінше, Есбол Жапбасовтың Лексусын тінту барысында көліктен “ТТ” тапаншасы табылды. Ал үйінен Калашников автоматы мен оқ дәрі тәркіленді. Одан басқа ИЖ-79 газды тапаншасын оқ дәрісімен тығып ұстаған екен.

https://kaz.365info.kz/akhtauda-kolik-tonaumen-ajnalyskhan-khylmystykh-top-ystaldy-271729

Өйткені, телеарнаның мәліметінше,

Жапбасов Қырғызстандағы қылмыс әлемінің серкесі Камшыбек Көлбаевпен ым-жымы бір болған. Ал бұл банданың қару-жарақ, есірткі, тіпті адам саудасымен айналысып аты шыққан.

Тергеу мәліметінше, Жапбасовтың елімізде қамауға алынған қырғыз депутаты Дамирбек Асылбекұлымен де байланысы бар деген күдік бар. Себебі, құзырлы орган мәліметінше, миллионердің сыбайластарының саны көп екен.

Дерек көз:Tengrinews.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз