Нұр-Сұлтан
Қазір
23
Ертең
18
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Атаулы әлеуметтік көмекке 49 мың отбасы ие болатын болды

Министрдің айтуынша, аз қамтылған отбасылардың көпшілігі ақшалай көмекпен қоса, жұмыспен қамтамасыз етілетін болады.

«Жергілікті атқарушы органдардың бекіткен кестесіне сәйкес, қаңтар айында 49 мыңдай отбасыға жәрдемақы тағайындалады.

Атаулы әлеуметтік көмектің одан ары нәтижелі болуы жергілікті атқарушы органдардың тиімді жұмысына байланысты болмақ. Осыған орай, Бақытжан Әбдірұлы, облыс әкімдеріне белгіленген отбасыларды кестеге сәйкес, атаулы әлеуметтік көмекпен қамтуды, жасалған әлеуметтік келісім шарттарды, әсіресе, жұмысқа орналасуға мемлекеттік қолдау көрсету, несие беру, оқытуға жолдау міндеттемелерін қатаң орындауды, сонымен бірге републикалық бюджеттен 19 млрд теңгесін мақсатты түрде жұмсалуын тапсыруыңызды сұраймын.

Атаулы әлеуметтік көмекті тағайындау мен әлеуметтік келісім шарттардың орындалу мониторингі автоматты түрде жүргізілетін болады», – дейді министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз