Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
23
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Атамыз сол кеткеннен оралмады…

587

-Ресейден келдім!-деді орта жастан асқан жігіт ағасы көлігін оталдырып жатып, -Тамбов деген жерді білетін шығарсыз?

-Қазақтар онда қайдан жүр?-дедім таңғалысымды жасыра алмай, -Орынбор, Омбы десеңіз ойға қонады…

Ресей қазағы үнсіз қалды. Сосын ауыр күрсініп қойып, әңгімесін бастаған.

…Ақмола оның ата-бабаларының кіндік қаны тамған жер. Осы өңірде үлкен аталары Спан болыс деген кісі өмір сүріпті. Руы-Арғын.

Болыс көзі қарақты, оқыған кісі болса керек. Жиырмасыншы ғасырдың басындағы қазақ зиялыларының біразы оның үйінен дәм татып, әңгіме-дүкен құрып кетеді екен. Сәкен Сейфуллинмен жақын аралас-құралас болғанға ұқсайды. Атаман Анненковтың азап вагонынан қашып шыққан Сәкен біраз уақыт осы Спан болыстың қыстауында жасырынған деген дерек бар.

Қош, сонымен Қазан төңкерісінен соң Спан болыс ешқайда қашпай, Ақмолада тұра береді. Малын кедей-кепшікке таратып беріп, жаңа өкіметке жаққан сыңайлы. Ұжымдастырудан да, кәмпескеден де аман шыққан.

Бәлкім, ескі дос Сәкеннің көмегі тиген болар…Ол жағы әлі белгісіз. Отыз жетінің зұлматы жеткенде Спан болыстың да басына қара бұлт үйіріле бастайды. Алдымен Сәкен тұтқындалды деген хабар жетеді.

Көп кешікпей туысқандарымен кешкі шәй ішіп отырған Спан болыстың үйіне НКВД-ның құзғындары сау ете түседі.

-Менің әкем, яғни, Спанның баласы-Хакім ол кезде он алтыдағы бозбала екен!-деді жүргізуші сыртқа, күзгі Астанаға қарап қойып, – “Құзғындар” әкетіп бара жатқан атамның артынан жүгірген екен, атам оны танымаған кейіп танытып, “өз әке-шешеңе бар ” деп итеріп тастаған көрінеді.

Әкемді сол жерде тұрған туыстар өздерімен алып кеткен. Атамыз сол кеткеннен оралмады…Атылды.

…Таксиші тағы үнсіз қалды. Сыртқа көз тастағанмын. Жаңбырдың соңы қарға айнала бастапты. Жолда кептеліс. Бола берсін! Мына кісінің әңгімесі қызықтырып барады.

-Әкем бір жылдай туысқанның үйінде жасырынып жүреді. Көрші-қолаң, ағайын-туыс дегендер тыныш жатпайды. “Спан болыстың ұлы пәленнің үйінде жасырынып жүр” дегендей арызды тиісті жерге жазып жібереді.

Сөйтіп Спанның ұлы Магаданнан бір-ақ шығады. Қаршадай баланы он жылға соттап, ауыр жұмысқа жегеді. Азаптайды. Не үшін? Оның кінәсі не? Бар болғаны болыстың баласы болғаны үшін ғана ма? 

Арман Сқабылұлының facebook парақшасынан

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз