Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Атамбаев “шабуылынан” Қазақстан қандай сабақ алуы керек?

Иә, сөзбен оқ атқысы келетін тағы бір Атамбаевтар шықса қайтеміз?..

Атамбаев ТМД елдері элитасының “қол алмайтын” адамына айналды

Бәрі мүмкін екенін саясаттанушы Ерлан Сайыров әлеуметтік желідегі жеке парақшасында да жазыпты. Оның пікірінше, бүгіндері Орталық Азия елдерінде, соның ішінде қырғызда әлеуметтік, саяси қарқын артып келеді. Біз сол қарқынға сай болуымыз керек. Саясаттанушы іргедегі елмен жаңа заман талабына сай жан-жақты байланыс түзе алмасақ, оның арты үлкен пролемаға айналып кетуі мүмкін екенін ескертеді.

Ерлан Сайыров

„Атамбаев бұрынғы ТМД елдері элитасының “қол алмайтын” адамына айналды. Біздің елдің ішкі істеріне араласуы – саясаткердің ең сорақы іс-қимылы болды. Екі халық арасындағы тарихи “ауыр” кезеңдерді қозғауы,

халықтарымыздың бірлескен болашағы үшін де орны толмас сызат болуы ықтимал.

Ол жақын болашақтағы өз мақсатына жетті. Саяси технологтары, “сыртқы жауларға” қоғамды жұмылдыру тактикасын қолданып, дегендеріне жетті.

Ал енді, осы жағдайдан біз қандай қорытынды жасауымыз қажет?

Ең алдымен,

біздің елге Орталық Азия елдеріне басымдық беру өзекті.

Орталық Азия елдерінің əлеуметтік, қоғамдық-саяси процестерін зерттейтін орталықтар, институт ашу қажет.

https://kaz.365info.kz/sayasattanushy-atambaevtyn-nege-shala-bylingenin-tysindirip-berdi-284913

Екінші, аталған елдермен гуманитарлық қарым-қатынастарды күшейте отырып, сол елдерде қазақ мəдениетін, тарихын насихаттауға арналған, ортақ құндылықтар қалыптастыруға бағытталған қоғамдық ұйымдар жасақтау өзекті.

Үшінші, Орталық Азия елдерімен біріккен бизнес-жобалар ұйымдастыру, сол елдерге қаржы құю біздің мүддеге сəйкес келеді.

Төртінші, сол елдердің жастарын Қазақстанға шақыра отырып, біздің елмен таныстыруға бағытталған орталықтар ашу интеграцияның басы бола алады.

Бесінші, Орталық Азия елдері дəстүрлі əні фестивалін ұйымдастыру.

Егер де бұл кешенді іс-шаралар іс-жүзіне аспаса, бұл елдер бізге проблема болуы ықтимал.

Өйкені, аталған елдерде, əлеуметтік, саяси динамика пайда болды. Енді біз, сол динамикаға сəйкес болуымыз қажет.

Жаңа заман, жаңа міндеттер туып келеді,„ – деп жазады Facebook-тегі жеке парақшасында Ерлан Сайыров.

https://kaz.365info.kz/maskeu-zhakhyn-dosym-satpaev-atambaevtyn-ne-menzegenin-ajtyp-khojdy-283731

Саясаттанушы Уәлихан Төлешов те қырғыздағы жағдай басқаша екенін растайды. Оның пікірінше, біздің олардан үйренеріміз көп.

Қырғыздар саяси құқығын ешкімге таптатпайды

Уәлихан Төлешов

„Жас болса да, кішкентай болса да қырғыз елінде демократия бар. Біз соны көзімізге ілгіміз келмейді. Көрсек те көрмегендей кейіп танытқымыз келеді. Ал шындығында, саяси процестер тұрғысынан оларда ілгерілеу бар. Демократия болғандықтан да сайлау науқаны кезінде бәсекелестік күшті жүреді оларда.

Екі рет төңкеріс болды, халыққа қиын жағдайдан шығу үшін қайғы-қасіретті жеңу керек болды. Бірақ олар азаматтық соғысқа бармады.

Саяси тұрғыда бұл халықтың көзі ашық. Олар кез келген саяси хабарға, жайтқа елеңдеп, оған белсенді қатысып отырады. Бұл біздің көршідегі нақты жағдай. Міне, осыны есепке алу керек бізге.

Саяси құқығын онда ешкім таптатпайды. Сондықтан өте абай болған жөн. Әсіресе, сайлау кезінде.

Әрине, көрші елміз, бауырлас халықпыз, Орталық Азия деген бір үйдің бір шаңырағы астында тұрғандықтан біз бір-бірімізді сыйлап, әдеп сақтап, жақсы қарым-қатынас түзуді үйренуіміз керек,” – деп жазады саясаттанушы Уәлихан Төлешов Facebook-тегі жеке парақшасында.

https://kaz.365info.kz/bastygymyz-babanov-600-dej-khyrgyz-koshege-mitingke-shykhty-285000

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз