Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

Ата-бабаларымыз сияқты үнемді болуымыз қажет – Президент

134

Президенттің айтуынша, бүгінде мемлекет пен экономика ғана емес, адамның өзі де бәсекеге қабілетті болуы қажет. Ал бәсекеге қабілетті болу үшін тек компьютерлік сауаттылық ғана емес, тіл білімі де керек.

«Сосын, әлемде болып жатқан өзгерістерді қабылдау үшін, басқа халықтар мен мәдениеттерді түсіну үшін сананың ашықтығы қажет. Оған Қазақстан халқы Ассамблеясы үйрете алады. Сенің жаныңда отырған адамды сыйлау қажет, оның мәдениетін, әдет-ғұрпын, тілін құрметтеген жөн. Иә, ол адам саған ұнамауы мүмкін. Алайда осы шыдамдылықтың арқасында бір мемлекетті емес, тұтас әлемді сақтап қалуға болады.

Ондай дәрежеге тек білімді адам ғана жете алады»,

– деді Нурсултан Назарбаев.

Президенттің айтуынша, бәсекеге қабілетті адам прагматик болуы тиіс. Қолынан келетін істі өндіргені дұрыс, нақты бір мақсатқа ұмтылғаны жөн. Осы орайда Мемлекет басшысы бұрынғы ата-бабаларымызды мысалға келтірді.

«Біздің ата-бабаларымыз қара жұмыс істеді, мал бақты, етік тікті. Бәрін үнемді түрде жасады. Шикізатты үнемдеді.

Олар нағыз прагматик болды. Қазіргі өмір соны талап етіп отыр.

Болашақ Қазақстан азаматы үшін білім бірінші орында тұруы тиіс. Мен білемін, бүгінде біз, ата-аналар, өз балалармызға озық білім беруге тырысамыз. Ол өте дұрыс. Себебі алдағы өзгерістерге дайын болу қажет. Болашақта қазіргі мамандықтардың 50 проценті қажетсіз болады. Соның орнына роботтар келеді, 3D принтерлер жұмыс істейді.

Қазақстан азаматтары сондай жағдайға бейімделіп, мамандықтарын ауыстыра білуі тиіс.

Ондайда білім қажет болады», – деп атап көрсетті Елбасы.

Айта кетейік, бұдан бөлек Президент мемлекеттің дамуына кедергі жасайтын мәселелер төңірегінде ой өрбітті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз