Нұр-Сұлтан
Қазір
-11
Ертең
-1
USD
488
0.00
EUR
533
0.00
RUB
5.09
0.00

Ата-анасынан тартып алынған балаларға туыстары таласып жатыр

Олар қалалық білім бөліміне қарасты қамқорлық және қорғаншылық органы балалар тағдырымен ойнап отыр деп құзырлы орындарға шағымданды.

Үйдің кішісі, кешегі ерке қыз Сараның ішкілікке салынғанын көру  бірге туған бауырларына онсыз да оңайға түспеген. Қазір де басымызға түскен істі айдай әлемге айғайлап айтпас па едік, туған екі жиенімізден тірідей айрылып отырмыз,- дейді олар. 4 және 6 жастағы Диана мен Диляраның қазір кімнің тәрбиесінде екенін туысқандары білмейді. Ал бірнеше рет әркіммен некелесіп, берекесіз тірлік кешкен Сарамен кездесіп сөзге тарту шынымен мүмкін емес болып шықты.

41 жастағы Сара Бөрібаеваның алғашқы некесінен туған екі баласы нағашыларының қолында ер жетіп, өз алдына шаңырақ көтерген. Ал мына кейіннен туған екі кішкентай қызды аналары  ішкілікке салынып, қараусыз қалдырыпты. Сондықтан сот оның балаларын көруіне шектеу қойған. Бірақ туыстарына ешкім ескертпепті. Олардың балаларды іздеп, қайтарып алмақ болып сабылып жүргеніне 4 ай болған.

“Тірі жетім, әке-енесі болса да. Сол енді білмеймін не істерімді? Шынын айтқанда жүрегім ауырып ауруханаға да түстім. Осы екі баланы қайтарып алғым келеді. Іздемеген. Қазіргі заманда шетелден де тауып жатыр ғой”, – дейді Сараның әпкесі Зәуреш Қазтаева.

Туысқандары  ішкілікке салынып кеткен бауырларын наркология диспансеріне де, емшілерге де апарып емдетіп көрген. Бірақ ол маскүнемдіктен арылмапты. Ал балалардың әкесі Александр туысқандарына баланы асырап алуға рұқсат берген. Соған қарамастан екі кішкентай әлдекімдердің қамқорлығына беріліпті. Қалалық білім бөліміндегілер мас әйелдің туысым жоқ дегеніне сене салған екен.

“Балалар қазір Қазақстан азаматының қамқорлығына берілді. Анасы туысым жоқ деп айтты. Сосын балаларды асырап алғысы келгендерге бердік. Ата-анасын құқығынан айыру туралы әлі қарастырылып жатыр, тек шектеу қойылды. Туысқандары бізге ертерек келу керек еді . Ондай отбасылардың туыстарын іздеу біздің құзырымызда емес”, – дейді Көкшетау қалалық білім бөлімінің бас маманы Ирина Франц.

Балаларды іздеген Қазтаевтардың тұрмыстық жағдайын көруге Қызылсая ауылына арнайы  комиссия да барған. Бірақ қора толы малы мен жайлы тұрмысын есепке алмапты. Осы жағдайдан хабардар ауыл тұрғындары да балаларды бірден туыстарына бермеген тиісті қызметкердің мынау әрекетіне аң-таң.

Бөтеннің қамқорлығындағы 2 кішкентай жиеннің аман-есен оралуын қызылсаялықтар асыға күтіп жүр. Балалар жанашыр нағашыларының қолында тәрбие алса екен дейді олар. Нағашылары болса, бар жағдайды жасауға әзір екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз