Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Ат құлағында ойнаған қазақ жігіті желіде жұлдыз болды (фото, видео)

311

Дубек Әкімбекұлы Іле қазақ автономиялы облысының Текес ауданына қарасты Қаражон жайлауының тумасы екен. Аудандық Спорт басқармасында ұлттық ат спорты ойынының шебері болып жұмыс істейтін ол бала кезінен асау тайларды ауыздықтап, 17 жасқа келгенше бәйгеге қатысқанын айтады.

Дубектің сөзінше, видеодағы ат өзінен басқаға оқыс мінез танытатын, әлі күнге дейін асау көрінеді.

“Негізінде бұл өте асау, мінезі қияңқы ат еді. Қолға үйретіп, жуасыту үшін бір жыл уақыт жұмсадым. Қазір тілімді де ұғады. Бір-бірімізді ерекше түсінетініміз соншалық, ол менің ым-ишарама дейін бағынып, бірлікте өнер көрсетеді. Сөйтіп, екеуіміз облыстық және өлкелік (провинция) ат спорты жарыстарынан талай мәрте жүлде алдық. Көкпарда да жиі ойнап жүрміз. Қанша үркек болса да мені ешбір оқыс жағдайға ұрындырған емес. Бірақ, ол қыңыр мінезін менен басқаларға әлі де көрсетеді. Тіпті, әкемнің өзі күні бүгінге дейін қасына жақындаудан жасқанады”, – дейді Дубек.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз