Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Асықпай жеңіз». Жапон ғалымдары семірмеудің жолын айтты

Ғалымдар 59 700 адамның 2008 және 2013 жылдар аралығындағы медициналық тексерістерінің қорытындыларына сараптама жасады. Зерттеуге қатысушыларға өмір салты, соның ішінде тамақты қаншалықты тез жейтіні туралы сұрақтар қойылды. Зерттеу қорытындысына сай,

тамақты асықпай жеп үйренген адамдар арасында семіздікке шалдыққандар 21, 5 пайыз болды.

Ал тамақты орташа жылдамдықпен жейтін адамдар арасында бұл көрсеткіш – 30 пайыз және жылдам жейтіндер арасында – 45 пайыз екені анықталды.

Тамақты жылдам жейтін адамның беліне көп май жиналады екен.

Осылайша, ғалымдар тамақты асықпай жеуге кеңес береді.  Зерттеу екінші дәрежелі диабетке шалдыққан адамдар арасында өткізілгенін айта кету керек. Олардың арасында егде жастағы адамдар аз болды және физикалық ауыртпалықтар мен күніне жейтін тамақ көлемі есепке алынбаған.

https://kaz.365info.kz/tolykhpyn-kyjeuim-zhatpajdy-toseksiz-khansha-shydauym-kerek-265992

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз