Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-10
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Астықтың экспорты төрттен бірге дейін төмендеді, бірақ үкімет алаңдауға еш себеп жоқ дейді

233
Сурет: Алматы облысының әкімдігі
Ресми деректер бойынша, 2020 жылғы қаңтар-шілдеде Қазақстан шетелге 2,56 млн тонна бидай мен меслинді сатқан. 2019 жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда экспорттың нақты көлемі 22,4%-ға немесе 740 мың тоннаға жуық төмендеді. Сатудан түскен түсім 612,1-ден 557,2 млн долларға дейін қысқарды.Бір қызығы,

 ТМД елдеріне де, алыс шетелдерге де сату көлемі қысқарды, бірақ экспорттан түсетін кіріс айтарлықтай өзгермеген

Жеті ай ішінде ТМД елдеріне 2,1 млн тоннаға жуық бидай сатылды (өткен жылмен салыстырғанда 16,8%  қысқарған). Алайда мәмілелер сомасы шамамен $5 млн-ға өсті.

Өзбекстан (1,4 млн тонна және $286,6 млн) және Тәжікстан ($117,5 млн-ға 500 мың тонна) негізгі сатып алушылар. Бұл ретте Қазақстан бидайды Әзірбайжанға экспорттауды тоқтатты десе де болады (бір жыл бұрын 43,6 млн доллар болса, қазір небәрі $1,7 млн). Түрікменстанға жеткізу айтарлықтай төмендеді (тиісінше 33,5 және  9,1 миллион доллар).

Басқа елдерге қатысты жағдайды айтатын болсақ, Ауғаныстанға шығарылатын экспорт көлемі айтарлықтай артты. Бұл елмен жасалған мәмілелер көлемі бір жыл ішінде $25,3-тен 58,1 млн-ға дейін өсті. Бірақ Қытайға экспортталатын астықтың пайдасы екі есеге дейін қысқарды (тиісінше 49,9  және 23,1 миллион доллар). Басқа нарықтарда шығындар бар: мысалы, Түркияға экспорт 28,9 млн доллардан 1,9 млн долларға дейін төмендеді, ал Грузияға мүлдем тоқтады (-$11,6 млн).

Арпа азайып, ұн экспорты артты

2019 жылмен салыстырғанда арпа экспорты да үштен бірге азайды. Статистика комитетінің деректері бойынша 7 айда жалпы сомасы 104,7 млн долларға 575,9 мың тонна арпа  шетелге кеткен, бір жыл бұрын  160,1 млн долларға 837,4 мың тонна өнім сатылған.

Иранға жеткізілетін экспорт көлемі де қысқарды, олар бұрын қазақстандық арпаның  80%-ға жуығын сатып алатын. 2020 жылғы қаңтар-шілдеде мәмілелер көлемі $82,5 млн құрады, бұл 2019 жылғы деңгейден екі есе аз.

Білім министрлігінің жаңа қағазы Қазақстандық ЖОО-лардың шетелдегі мәртебесін арттырмайды — Смирнова

Әзірге басқа балама нарық жоқ.  Қытайды негізгі сатып алушы ретінде  қарастыруға болады. Биыл Аспан асты еліне  $11,3 млн-ға арпа саттық, ал бір жыл бұрын бар болғаны пайда $1,1 млнды құраған еді.

Бірақ ұн экспорты артты. Нақты көлемі бар болғаны 1,6%-ға артса да,  түсім бірден 30%-ға — $236 млн-ға дейін ұлғайды. Бұған біріншіден, импортты бірден $40 млн-ға өсірген Ауғанстан себеп болды. Қазір  қазақстандық ұн экспортының 65%-ы осы бағытқа жіберіледі. Екінші орында Өзбекстан — $42,9 млн.

Әрі қарай жақсырақ бола ма?

Үкімет экспорт көлемінің артатынына кәміл сенеді. Республиканың ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаровтың айтуынша, «Астықтың сапасы жақсы. Қытайға жіберілетін бидай (HI—Pro) экспортын ұлғайтуға болады». Негізгі нарықтар: Орта Азия елдері мен Ауғанстан.

Айтылған деректерге қарағанда, егін де экспортты арттыруға көмектеседі. Қазір жалпы ауданның 93,4% жиналды. Орташа өнімділік гектарынан 12,3 центнерден болса, 18,2 млн тонна астық соғылды. 2019 жылы11,4 млн тонна. Ең бастысы, биылғы жылы астық көлемі ғана емес, сапасы да жақсы.

«Лицензияланған астық қабылдау кәсіпорындарына тапсырылған бидайдың жалпы көлемінің 83,8%-ы 1-3-сыныптарға жатқызылған. 2019 жылы бұл көрсеткіш 67,2% құрады.

Тиісінше, 4-5 сыныпты және сыныпты емес бидайдың үлесі 2019 жылмен салыстырғанда 32,8%-дан 16,2%-ға дейін төмендеді. Ал жоғары сұранысқа ие 28% және одан жоғары глютені бар HI-Pro жоғары сапалы бидайы өткен жылғы 42,8%-ға қарағанда 59%-ға жетті» — деп атап өтті министр.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз