Ел астанасының 20-шы туған күнін атап өту концепциясы бекітілді. Астананың туған күніне арналған іс-шаралар жиынтығы «Ел жүрегі – Астана» атауын иеленді.
Концепцияға сәйкес, туған күнді тойлау үш кезеңнен тұрады: дайындық кезеңі – 2017 жылдың 10 желтоқсанына дейін, негізгі кезең – 2017 жылдың 10 желтоқсанынан 2018 жылдың 6 шілдесіне дейін, мерекеден кейінгі кезең – 2018 жылдың 6 шілдесінен 31 желтоқсанына дейін.
Мерейтойды ұйымдастыруға арнайы комиссия құрылып, оның төрағасы болып Әділбек Жақсыбеков сайланған.