Астанада көп балалы аналар қалалық әкімдік пен Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің өкілдерімен кездесті.
Үш және одан да көп бала тәрбиелеп отырған отбасыларға, белсенділер, тегін пәтер беруді сұрайды. Сонымен қатар, аналар үш жасқа дейінгі балаларды тәрбиелеп отырғандары үшін жалақы сұрайды.
Бұдан өзге, белсенділер көп балалы отбасыдан шыққан балаларды және олардың аналарын тегін еммен қамтамасыз етуді талап етті. Оқушыларды тегін тамақпен, қоғамдық көлікте жол жүрумен және жоғары оқу орындарында тегін оқумен қамтамасыз етілгенін қалайды.
«Әлеуметтік көмек берудің қазіргі жүйесін барлығыңыз білесіздер. Ендігі мәселе осы жүйені жетілдіру», — деді Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің төрағасы Ақмәди Сарбасов. —
Аналар айтқан ұсыныстарды қарастырамыз. Әрбір ұсыныс қаралып, таяуда барлығы реттеледі».