Футболдан ел чемпионы «Астана» клубы ресми сайтында жаңа бас бапкерін таныстырды.
Жаңа бапкер болып кеше ғана ұлттық құрама тізгінін ұстауға кеткен Станимир Стоиловтың көмекшісі Григорий Бабаян тағайындалыпты.
Бабаянның бапкерлік PRO категориясы бар, ұзақ жылдар бойы Қазақстан құрамасы, “Астана“, “Цесна” және “Алматы” клубтарында бапкердің көмекшісі қызметін атқарған.