Қазақстанның астанасы ресми түрде атауын өзгертті.
“Сенаттағы 43 депутаттың 43-і келісті. Мәжілістегі 103 депутаттың – 103-і келісті. Осылайша, құрметті әріптестер, тарихи шешім қабылданды”, – деді Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин палата отырысында.
Бұған дейін Астана атауының референдумсыз өзгеруі мүмкін екені хабарланған еді.
Оның алдында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне Нұрсұлтан деп атауды ұсынды.
“Ұлы замандасымыз Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың есімін мәңгі етуіміз керек: біздің елордаға Президентіміздің есімі беріліп, Нұрсұлтан аталуы керек. Мұндай ұсынысты осыған дейін парламенттегілер де айтқанын еске салғым келеді”, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.