Елорданы түтіннің жағымсыз иісі алып кетті.
Бұл туралы Baq.kz хабарлайды.
Жылу маусымы басталғалы бері Астананы қою түтін басты. Кешелі бері елорда аспанын тұмшалаған түтіннен сол жағалаудағы биік ғимараттардың үстіңгі жағы көрінбей қалған.
Түтіннің жағымсыз иісіне, әсіресе, оң жағалаудың тұрғындары көп шағымдануда. Baq.kz ақпарат агенттігінің фототілшісі түтін басқан Астананы суретке түсіріп алды.