Нұр-Сұлтан
Қазір
-1
Ертең
-14
USD
496
-2.06
EUR
523
-2.87
RUB
4.94
-0.03

Астаналықтар иммун тапшылығы вирусын анықтайтын тегін тест тапсырды

134

Талдаманың қорытындысы небәрі 15 минуттың ішінде дайын болды. Бастысы, мұндай тексерістен өту үшін бұрынғыдай қан тапсырудың қажеті жоқ. Вирусты сілекей арқылы анықтауға болады. Ұйымдастырушылар қоғамдық орындарда өткізілетін мұндай шаралардың тиімділігі зор деп отыр. Себебі, ауру неғұрлым тезірек анықталса, оны емдеу соғұрлым жеңіл болады. «Соңғы 20 жылда елімізде ВИЧ инфекциясына 1,5 мың адам шалдыққанын ескерсек, сырқаттың алдын алу өте маңызды», – дейді дәрігерлер.

Сәбит Әбдірайымов, Астана қ. ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес орталығының бас дәрігері:

– Статистикаға келер болсақ, 9 айдың көлемінде былтыр 170 жағдай анықталса, биыл 150-жағдай анықталып отыр. Осындай тестілеу арқылы, эспресс-тест дейміз, сол арқылы біз республика көлемінде ВОЗ рекомендациясы бойынша тұрғылықты халықты 10-11 пайыз анықтау керек болса, біз  28-30 пайызға дейін анықтаймыз.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз