Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Астаналық дәрігерлер Көкшетауда эндоскопиялық ота жасады

166

Бүгіндері шағын инвазивті хирургия – классикалық ота жасаудың баламасы ретінде әлемдік тәжірибеде кеңінен танымал.

Қазақстандық хирургтар бұл әдісті медицинаның түрлі саласында, оның ішінде, гинекологияда да табысты қолданып келеді. Мұндай оталар сырқат пайда болған жерге ғана анестезия қолдану арқылы жасалады. Дәрігерлердің айтуынша, қайта қалпына келу кезеңі әдеттегіден жеңіл өтеді де, отадан кейінгі асқынулар қаупі төмендейді.

«Лапораскопиялық әдісті қолдану барысында науқас тез арада сауығып кетеді. Бір-екі күннен кейін үйіне қайта беруіне болады. Ота жасау жоспарға сай сәтті өтті. Жергілікті дәрігерлерге осындай ота жасаудағы ерекшеліктер мен әдістерді көрсетіп түсіндірдік. Тағы екі емделушіге ота жасалатын болады»,–дейді ұлттық ғылыми-медициналық орталықтың гинекология бөлімшесінің меңгерушісі Ардақ Ахметжанов.

Осыдан аз уақыт бұрын ғана қалалық ауруханаға осындай оталарды жасауға мүмкіндік беретін жаңа құрал-жабдықтар әкелінген болатын. Дәрігерлердің айтуынша, астаналық әріптестерінің тәжірибесі зор қолдауға ие болып отыр.

«Бізге түрлі жастағы әйел адамдар түсіп жатады. Мұндай отаның басты ерекшелігі – жас аналарға болашақта бала тууға ешқандай кедергі келмейтіндей етіп жасалатындығында. Осындай оталарды болашақта Астанаға бармай-ақ біздің ауруханада жасатуға болады»,–дейді Көкшетау қалалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Зәуреш Бапанова.

Айта кетейік, Көкшетау қалалық ауруханасының ұжымы Тәуелсіздіктің 25-жылдығына орай өткізген ашық есік күнінде 120 қала тұрғынын қабылдады. Бұдан бөлек, аурухана маңына 25 ағаш көшеті отырғызылды. Мерейтой қарсаңында денсаулық сақтау саласының ардагерлері мен Тәуелсіздіктің құрдастарын, жас мамандарды марапаттау шаралары ұйымдастырылмақ.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз