Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
8
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Астанадағы жаңа ауданның атауы бекітілді

Қоғамдық кеңес отырысында, сондай-ақ, Астанадағы қоршаған ортаны сауықтырудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары жобасы талқыланды. Жобаны қалалық Табиғи ресурстер және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасымен бірге Қазақстанның экологиялық ұйымдары ассоциациясы әзірледі. Аталмыш ассоциация төрайымы Айгүл Соловьева кеңес мүшелері қойған сұрақтарға жауап берді.

Бұл жобаға сәйкес, Промышленный тұрғын алабын 2-ЖЭО-дан келетін орталықтандырылған жылу жүйесіне қосу жоспарлануда. А.Соловьеваның сөзінше, алайда бұл елді мекеннің бүкіл тұрғындарын орталықтан берілетін жылумен қамту әзірге мүмкін емес. Тек бір автономды қазандықты тұтынушылар ғана орталық жылу жүйесіне қосылады. Сол кезде қазандық жойылады. Соның өзінде ауаға таралатын зиянды қалдықтар едәуір азаятын көрінеді. Мәселен, «Астана Энергия» АҚ-тың қоршаған ортаны қорғау зертханасының меңгерушісі Наталья Мухинаның айтуынша, қалдықтар 17 тоннаға кемиді.

Отырыста, бұған қоса, қала экологиясы, елордаға газ тарту мәселесі, оның тиімділігі туралы біраз айтылды. Осыдан бірнеше жыл бұрын Астананың бірқатар нысандары сұйытылған газбен жылытыла бастады. Алдағы жылдары Қызылордадан құбыр бері қарай тартылып, Қарағанды арқылы табиғи газ да келуі тиіс. Осының қайсысы арзандау болады? Кеңес мүшелерінің пікірінше, айтқандай айырмашылық байқалмайды.

Астанадағы қоршаған ортаны сауықтырудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді жоспары жобасын жүзеге асыруға инвесторлар тартылмақ. Қоғамдық кеңес бұл жобаны бекітті.

Аманғали ҚАЛЖАНОВ

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз