Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
3
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Астанадағы «Шұбар» тұрғын үй кешенінің сүрілетіндігі жоққа шығарылды

144

Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Сөз «Шұбарды» сүріп тастау жайында болып отырған жоқ. Біз «Шұбарда» мектеп салғымыз келеді. Өйткені, мектептерде бала саны тым көп. Тіпті, қарапайым мектептің құрылысына 3 гектар аумақ қажет болады. Ал біз 1 гектарды ғана арзанға сүріп тастағымыз келеді. Бұл аудандағы оның құрылыс орны әлі анықталған жоқ», – деді Жүнісов.

Мектепті 2019-2020 жылдары салу жоспарланған. Алайда, болашақ білім ордасының нақты қай жерде орналасатындығы белгісіз.

«Осы ауданда тұратын балалар үнемі Қабанбай батыр даңғылын кесіп өтеді. Мұндай жайт болмауы, яғни балалардың қауіпсіздігі үшін біз «Шұбарда» мектеп салғымыз келеді. Бұл мектеп қанша орынға есептеліп салынатындығы, әзірше шешілген жоқ. Сөз аумақтан бір гектар жерді босату жайында болып отыр және біз барынша арзан нұсқаны іздеудеміз», – деді ол.

Айта кетейік, бұған дейін бірақатар БАҚ-та Астана әкімдігі Шұбар ауданын сүруге рұқсат берді деген ақпарат тараған болатын. Есте болса бұл тұрғын үй алабын сүру жайындағы мәселе 20 жылға жуық уақыт ішінде бірнеше рет көтерілген еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз