Қытайдағы байқаудан жеңімпаз болып оралған Димаш Құдайбергеннің құрметіне кеше Астанада арнайы кеш өтті.
Концертте Димаш Құдайберген конкурста шырқаған “Туған Ел”, “Дайдидау” және “Махаббат бер маған” әндерін орындады.
Кеш қонақтарына Димаш пен оның ата-анасы Қанат пен Света Айтбаевтардың триосы үлкен сый болды, олар “Асыл Анашым” әнін орындады. Димаш Құдайберген сахнаның шетіне келіп, алдыңғы қатарда отырған ата-әжесіне бас иіп, үлкенге құрмет көрсетуді де ұмытпады.
https://www.youtube.com/watch?v=RfcOnsuQRfc