Енді Астана қаласында шұғыл жәрдем көліктерінің қозғалысын нақты уақыт режимінде бақылауға мүмкіндік туды. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.
Жаңа пилоттық жоба аясында тұрғындар арнайы мобильді қосымша арқылы жедел жәрдемнің орналасқан жерін көре алады. Әсіресе бірінші санаттағы шақыртулар кезінде науқасқа жедел жәрдем көлігінің қозғалысын көрсететін сілтеме SMS арқылы жіберіледі.
Жобаны Астана әкімдігі, Денсаулық сақтау министрлігі және Yandex Qazaqstan компаниясы бірлесіп іске асырған. Егер жүйе тиімділігін көрсетсе, оны басқа қалалар мен өңірлерге де енгізу жоспарланып отыр.