Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
14
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Астанада жарысқа кеткен спортшы қыз ұшты-күйлі жоқ

Қалалық ішкі істер департаментінің ақпаратына сәйкес, 28-қарашада Астана тұрғыны полицияға келіп, 27-қарашада сағат 09.00-де оның кәмелет жасына толмаған қызының дзюдодан өткен жарыста Арқалықтан Астанаға пойызбен шыққанын, бірақ үйге сол күйі келмегенін айтып, арыз жазған. Қазіргі уақытта туыстарының барлығы, оның араласатын таныстары мен достары да тексеріліп жатыр.

Астана ІІД қыздың қайда екенін анықтау үшін департаменттің жеке құрамы жұмылдырылған. Іздестіру ісі қозғалды.

Маликаның белгілері: бойы 155-160 сантиметр, арықша келген, шашы ұзын, қара, көзі қоңыр. Қанық көк түсті қалпақ, қарақоңыр спорт киімі, қанық қызғылт кроссовка киген. Полиция егер кімде-кім қандайда бір мәлімет білетін болса мына номерлерге хабарласуын өтінеді: 102 немесе 8 (7172) 71-60-22, 8 747-575-96-45, 8 778-580-77-17.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз