Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
4
USD
427
0.00
EUR
497
0.00
RUB
5.5
0.00

Астанада қысқы Универсиаданың Алау эстафетасын алып жүру басталды

Алдымен Елбасы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасының капитаны биатлоншы Дәулет Раxымбаевқа еліміз Туын табыс етті. Өз кезегінде Раxымбаев Қазақстан құрамасы жарыстарға толығымен дайын екендігін баяндады.

Елордадағы эстафета екі кезеңге бөлінген. Алаугерлер үш жарым сағат бойы қаланың орталық көшелерімен жүгіріп өтеді. Алғашқы кезең «Назарбаев Университетінен» басталып, «Бәйтерек» монументіне дейін жалғасады.

Екіншісі – «Бәйтерек» монументінен қайта бастау алып, оң жағалаудағы қалалық әкімдік алаңында аяқталады. Эстафетаның жалпы ұзақтығы 12 шақырымды құрайды. Алауды барлығы 60 алаугер алып жүреді, олардың арасында танымал спортшылар мен Астананың қоғам қайраткерлері бар.

Алаугерлердің бірі – Данияр Елеусінов, ол бокстан Қазақстан Республикасының спорт шебері, 2013 жылғы әлем чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының чемпионы, 2015 жылғы Әлем чемпионатының күміс жүлдегері және Рио-де-Жанейрода өткен 31-ші жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз