Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
19
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Үлескерлерді тақырға отырғызған компанияның басшылары сотталды

2014 жылдың мамыр айынан 2015 жылдың мамырына дейін екі коммерциялық құрылыс компанияларының басшылары және риэлторлық кеңсе басшысы жер телімін алуға және құрылыс жүргізуге рұқсаты болмаса да, сараптамадан өтпеген, Астана бас сәулетшісімен келісілмеген жобалық-сметалық құжаттамасымен «Бай Тау» және «Sky City» көпқабатты тұрғын үй кешендерінің пәтерлерін сатқан.

Салдарынан 43 зардап шегуші 1 003 052 429 теңге шығынға батқан және ол қаражат өтелмеді. Астана қаласы №2 Есіл аудандық сотының үкімімен сотталушылар, топ болып ұйымдасып, алдын ала сөз байласып аса ірі көлемде өзгенің мүлкін жымқыруда айыпты деп танылды.

Құрылыс ұйымдарының басшыларына жалпы режимдегі түзеу колониясында 6 жыл 8 сегіз ай жазасын өтеу, мүлкін тәркілеу және 5 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда ұйымдастыру-әкімшілік және материалдық-жауапты қызметтермен байланысты жетекшілік қызметтерді атқаруға тыйым салу үкімі кесілді.

Риэлторлық кеңсе директорына 5 жылға жалпы режимдегі түзеу колониясына бас бостандығынан айыру, мүлкін тәркілеу және 4 жылға коммерциялық ұйымдарда ұйымдастыру-әкімшілік және материалдық-жауапты қызметтермен байланысты басшылық қызметтерді атқаруға тыйым салу жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз