Нұр-Сұлтан
Қазір
19
Ертең
20
USD
421
-2.14
EUR
499
-0.30
RUB
5.6
-0.04

Әлем біріншілігіне қатысу үшін Астанаға әлемдегі ең үздік боксшылар келіп жатыр

Мамандар “бұл чемпионатты өзінің 15 жылдық тарихындағы ең тартымдысы болуы мүмкін” деп болжайды.

Ирландиялық Кэти Тейлор мен үндістандық спортшы Мэри Ком Астанада рекорд орнатып, өз карьерасында алтыншы рет әлем чемпионы атануға ниетті.

Алтынға үміттілердің қатарында Лондон Олимпиадасының чемпиондары – америкалық Кларессу Шилдс, британиялық Никола Адамс, сонымен қатар қытайлық Рен Канкан да бар.

Барлығы 326 спортшы қатысуға ниет білдірді. Бұл – әйелдер чемпионатының рекордтық көрсеткіші. Әлем біріншілігіне алғаш рет Иордания, Мозамбик және Сьерра-Леоне өкілдері қатысады.

«Командалардың басым бөлігі Астанаға келді, олар боксты дамыту орталығында, «Толқын» спорт кешенінде және «Астана-аренада» жаттығып жатыр. Біздің спортшылар АҚШ, Финляндия және Черногория командаларымен бірлесіп жаттығу өткізді», – дейді федерация өкілі.

– Астанадағы әлем чемпионаты әлемдегі әйелдер боксын жаңа деңгейге көтереді. Оған атақты чемпиондар мен дарынды жастар қатысады, – деді AIBA президенті Чинг-Куо Ву.

Жарыс күндері жанкүйерлер үшін «Барыс-аренаға» кіру тегін. Ашылу салтанаты 19 мамырда сағат 18:00-де өтеді.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз