Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Астанада тіркелуді шектеу – адам құқығын бұзу – саясаттанушы

1200x800-300x300

Әділбек Жақсыбеков

Әділбек Рыскелдіұлының бастамасы елордалықтардың көңілін күпті етіп отыр. Өйткені, мыңдаған азаматтар астаналық тіркеуден айырылып қалайын деп тұр.

Ал тіркеуден айырылу астаналық тұрғындарды баланы мектепке беруден бастап, емханада емделуге дейінгі көптеген әлеуметтік қиындықтарға жетелейді.

Ал ең бастысы – Астанадағы мекемелер қызметкерден міндетті түрде мекен-жай анықтамасын талап етеді. Сондықтан тіркеуден айырылған азамат жұмысынан қоса айырылады. Алайда халық үшін осындай қиындықтардың туындауына қарамастан, қала әкімшілігі халыққа қарсы бағытталған осы құжатты қабылдауға белді бекем буып отыр.

Белгілі саясаттанушы, Дос Көшімнің айтуынша, әкімдіктің бұл шешімі адам құқығына қайшы келеді. Сондай-ақ, ол бір пәтерге 20-30 адамның тіркелуі азаматтардың емес, Үкіметтің кінәсі деген сенімде.

– Біздің елде тіркелім (прописка) институты 1993 жылы алып тасталынған болатын. Сондықтан бүгін мекен-жай тіркелімін талап ететіндерді сот алдындағы жауапкершілікке тартуға болады.

Бірақ жұмыс берушілер әлі күнге дейін мекен-жай анықтамасын талап етеді.

Бұл кеңес үкіметінен қалған қасаң қағида. Кезінде адамдар белгілі бір мекен-жайдағы тұрғын үйге тіркелімге (прописка) тұруға міндетті болатын. Кейіннен бір үйде 20-30 адамның тіркелімге тұрған анықталды. Содан кейін билік қайтадан мекен-жай анықтамасын қталап ете бастады. Менің ойымша, бір пәтерде бірнеше адамның тіркелуінде тұрған ештеңе жоқ. Мәселен. 15-20 шаршы метр пәтерде 2 немесе 10 адам тұрғысы келе ме. бұл әр адамның жеке шаруасы. Түптеп келгенде, мұның барлығы үкіметтің халықты тұрғын үймен қамтамассыз ете алмауы салдарынан орын алып отыр, – дген сенімде Дос Көшім.

Астана әкімдігі неге аяқ астынан мұндай бастама көтеріп отыр? Саясаттанушының айтуынша, мұның бірнеше себебі бар. Оның ең бастысы – үкімет Астананың қазақылануына қарсылық танытып отыр.

– Мекен-жайға тіркелуді шектеудің астарында қалалы жерге қараша халықты кіргізбеуге ұмтылыс жатыр деп есептеймін. Кеңес үкіметі кезінде қазақты Алматыға кіргізбейтін талап болған. Әділбек Жақсыбековтың әрекетінен сол кеңес үкіметінен қалған солақай саясаттың қолтаңбасын көруге болады. Қазіргі таңда елімізде ішкі көші-қон жоғары қарқынмен жүріп жатыр. Әсіресе, ауылдық жерден қалаға ағылған адамдардың, оның ішәінде қазақтардың қарасы мол. Оның үстіне,

қазақтың қалаға көбірек келуі – қазақ тілінің ауқымын артыратыны сөзсіз, сондықтан бұл лауазымды орыс тілді басшылардың өздеріне жағымсыз ұрдістің алдын алуға бағытталған «сұңғыла» саясаты болар,

– дейді саясаттанушы.

Кезінде кейбір саясаткерлер мен зиялы қауым өкілдері «астананы солтүстікті қазақыландыру үшін көшіріп жатырмыз» деген уәж айтқан еді. Өйткені, тәуелсіздіктің алғашқы жылдарында ол жақтағы қазақтардың үлес салмағы 20-30 пайыздан аспайтын. Қазіргі таңда, Астанадағы мемлекет құрушы ұлттың үлесі 75 пайыздан кем емес.

Бұл, әрине, көңілді марқайтатын жағдай. Алайда, солай екен деп мекен-жай тіркеуін қиындатып, қазақтарды Елордаға жақындатпау дұрыс емес. Бәлкім,  Әділбек Рыскелдіұлы әлі де болса ойланар…

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз