Астанадағы тергеу изоляторынан қашып кеткен қауіпті қылмыскер Қарағанды облысында ұсталды. Оны ұстау үшін құқық қорғаушылар екі тәулікке жуық іздеу шараларын ұйымдастырды. Бұл туралы ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті мәлімдеп отыр.
Бұл туралы Tengrinews.kz хабарлады.
“Жедел іздестіру шаралары барысында Қарағанды облысы бойынша Ішкі істер департаменті Нұра аудандық бөлімінің қызметкерлері Аxмет аулының маңайында “Жигули” көлігін тоқтатқан. Тексеру кезінде көлік салонында қашқын қылмыскер отырды. Ол ұстау барысында қарсылық білдірген жоқ. ҚР Қылмыстық кодекстің 426-бабы бойынша бас бостандығынан айыру мекемелерінен қашқаны үшін үш жылға дейін бас еркіндігінен айыру жазасы қарастырылған”, – деді ҚАЖК баспасөз xатшысы Ғалымжан Хасенов.
Ерасыл Арғымбаев бұған дейін бірнеше рет сотталып, жазасын түрмеде өтеп шыққан. Ол 25 ақпан күні Астанадағы тергеу абақтысында сотын күтіп жатып қашып кетті. Астана қалалық ІІД қала бойынша бірден бағдарлама таратып, оның фотосын жариялады.