Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Астанада менингит белгісімен ауруханаға жатқызылған бала Алматыдан келген

Тексеру жүргізілгеннен кейін балаға алдын ала «Менингококк инфекциясы, генерализдік формасы, менингит + менингококцемия» диагнозы қойылды.

Қазіргі уақытта бала жансақтау бөлімінде жатыр. Оның денсаулық жағдайы тұрақты. Бала диагностика мен емделудің клиникалық хаттамаларына сәйкес

ем алып жатыр. Бала түскен кезде арқа-ми сұйықтығына бактериологиялық тексеру жүргізілді», – дейді Ольга Пушкарева.

 

https://kaz.365info.kz/meningit-astanaga-da-zhetti-infektsiya-bolimine-auyr-halde-3-zhasar-bala-tysti-317280

Астана қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының эпидемиологиялық қадағалау бөлімінің бас маманы Ақмарал Мейірманқызы менингококк инфекциясын жұқтырған бала бассейнге барғанын айтты.

«Бала отбасымен бірге Алматы қаласында бір ай болған. Ол Астанаға 24 мамыр күні қайтып келген. Баламен 14 адам қарым-қатынаста болған, оның бесеуі үйдегі туыстары болса, қалғаны бассейнде болған адамдар. Бала кеше де, бүгін де медициналық бақылаудан өтті.

Астанада менингококкты жұқпа бойынша жағдай тұрақты деп саналады, себебі биыл осындай төрт жағдай ғана тіркелді. Көрсеткіш былтырғымен салыстырғанда бір деңгейде», – дейді ол.

Сондай-ақ, ол бассейнде тексеру жұмыстары жүргізілмейтіні, себебі ол ғимарат жиі желдетіліп, тазартылып тұратындықтан, адам өміріне қауіп төндірмейтіні айтылды.

 

https://kaz.365info.kz/khoya-tyrynyzdar-meningitti-ozdiginen-anykhtap-yj-zhagdajynda-emdeuge-bola-ma-317387

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз