Нұр-Сұлтан
Қазір
15
Ертең
17
USD
520
0.00
EUR
612
0.00
RUB
6.6
0.00

Астанада мәдениет пен өнер өкілдерінің ірі форумы өтті

Форумның ашылуында Премьер-министрдің орынбасары Ермек Көшербаев қатысушыларды Мемлекет басшысының атынан құттықтап, бірқатар мәдениет қайраткерлеріне мемлекеттік наградаларды табыс етті.

Марапатталғандар қатарында:
 • «Құрмет» орденімен — Лариса Насретдинова («Отырар сазы» оркестрі);
 • «Ерен еңбегі үшін» медалімен — Асан Нұрбергенов, Жәнібек Сейдахметов, Жасұлан Сыдықов, Медет Орымбаев («Mezzo» тобы) және Тимур Бонданк (Республикалық неміс драма театры);
 • «Шапағат» медалімен — Сәуле Байниетова (Наталья Сац театры);
 • «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері» атағымен — Күләш Молдағалиева (Байсейітова атындағы музыка мектебі) және Біржан Жалғасбаев (С. Мұқанов театры) марапатталды.

Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ел руханиятына сүбелі үлес қосқан мәдениет және өнер қайраткерлерін Ақордада марапаттап, бұл саланың ел дамуы үшін маңыздылығын ерекше атап өткен болатын.

Форум аясында 20-дан астам тақырыптық сессия мен панельдік пікірталас өтті. Оларға министрліктердің өкілдері, отандық және шетелдік сарапшылар, мәдениет саласының майталмандары қатысты. Франция, Қытай, Италия, Түркия, Оңтүстік Корея, Өзбекстан мен Ресейден арнайы келген спикерлер де өз тәжірибелерімен бөлісті.

30-дан аса білім беру бағытындағы іс-шарада қатысушылар музей ісі, театр менеджменті, цифрлық технологиялар және мәдени маркетинг бойынша пікір алмасты. Сонымен қатар Қазақстан музейлерінің конгресі ұйымдастырылып, экспозициялық жұмыстың жаңа әдістері, цифрландыру және көрерменмен байланыс орнату жолдары талқыланды.

Форум мемлекеттік мәдени саясаттың басым бағыттарын, креативті индустрияны дамыту, материалдық емес мұраны сақтау және халықаралық мәдени байланыстарды нығайту мәселелерін талқылайтын маңызды алаң болды. Ауқымды шара гала-концертпен түйінделеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз